Көктемгі ағаш отырғызу кезеңінің қорытындылары

Көктемгі ағаш отырғызу кезеңінің қорытындылары
2020 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысы орман қоры аумағында 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасын берді.
🔺Алайда, орман иеленушілердің мүмкіндіктері мен питомниктердегі отырғызу материалдарын ескере отырып, тапсырманы орындау мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды.
✔️Тапсырма аясында ағаш отырғызу барысын қоғамдық бақылау мақсатында орман шаруашылығы іс-шаралары жүргізілген сайын жаңартылып отыратын интерактивті карта әзірленгенін атап өткен жөн.
🌳Биыл көктемде 141 мың гектар аумақта 225 млн дана ағаш отырғызылды. Күзгі отырғызу кезеңіне 153 млн дана ағаш пен бұта отырғызу жоспарлануда.
✔️Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арал теңізінің құрғаған түбінде жалпы көлемі 1,1 млн гектар аумақта сексеуіл алқаптары құрылуда.