Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырындағы салалар бойынша 2020 жылы атқарылған шаралар туралы ақпарат

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 221 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.

Ағымдағы жылы 12 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Соның ішінде, 4 каналға тазалау, жөндеу жұмыстары Жұмыспен қамтудың Жол картасы аясында жүргізілді.

Атап айтқанда: Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев ауылдық округіндегі «Ақарық» каналы және Әйтеке би кентіндегі «Ақкиіз» каналы, Шиелі ауданындағы "Көксу" каналын, Жаңақорған ауданындағы "Сумағар" каналын тазалау жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 8 каналды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Олар: Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Көне Қырғыз арық» каналы және «Дәулет арық»  каналы, Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылдық округіндегі «Меней» каналы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы»  каналы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам»  каналы және Амангелді ауылдық округіндегі «Қызыл ту» каналы, Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округіндегі «Л-1»  каналы, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «У1,У2,У3,У4»  каналдары.

Осы жұмыстардың нәтижесімен барлығы, ұзындығы 95,4 шақырым  канал тазаланып, олардың бойындағы 9 дана гидротехникалық құрылыстар жөнделді.

Нәтижесінде, елді мекендер аяқ сумен толық қамтамасыз етіліп, 800 гектар түрлі бау-бақша және көкөніс дақылдарын егуге және 2200 гектар жайылымдық, шабындық жерлер суландыруға жағдай жасалды.

Сонымен бірге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, 6 дана насос қондырғысы облыстық бюджеттен сатып алынды.

Атап айтқанда, Қармақшы ауданының Төребай би, Алдашбай ахун, Жалағаш ауданының Еңбек, Жаңақорған ауданының Қандөз ауылдық округтеріне және Табиғат кәсіпорнына насос қондырғылары алынды.

Сондай - ақ, 20 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін жобалық - сметалық құжаттамалары әзірленді.

Атап өту керек, облыс әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы (№57) қаулысымен Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына  сәйкес келесі жылы 6 нысанға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізілетін болса, елді мекендерге барлығы 43 дана насос қондырғылары алынатын болады.

Суармалы жерлер бойынша:

Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және қалпына келтіру туралы Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста 158 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу жөніндегі, жалпы құны 161 млрд. теңгені  құрайтын
3 (үш) жобаны іске асыру үшін тиісті жұмыстар жалғасуда. 

Атап айтатын болсақ, ПУИД-2 жобасы бойынша Жалағаш ауданының Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтеріндегі 15,1 мың гектар суармалы жерлерін қалпына келтіру бойынша өткен жылы жұмыстар басталды.

2019 жылы 837 млн. теңге, ал 2020 жылы 2,2 млрд. теңге игерілді.

Жалпы бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда, инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің 80% қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізетін болады.

САРАТС-2 жобасы:

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»  жобасының бірінші кезеңіндегі 6 компоненттің 4-ін  (Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша  учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету және Қызылорда су торабын кешенді жөндеу, Қазалы ауданында Бірлік елді мекені тұсында көпір салу)  республикалық бюджет есебінен іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Соның ішінде апаттық жағдайдағы Қызылорда су торабын қайта жаңғыртуды бастауға республикалық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді.  

Сонымен бірге, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша  учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету жобалары  Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес келесі жылы іске асады деп күтілуде.

Бұған қоса, САРАТС-2 жобасының басқа компоненттері бойынша Дүниежүзілік Банктің гранты есебінен жаңадан «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Сотүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының ТЭН әзірленетін болады.

Дата публикации
11 января 2021
Дата обновления
11 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 апреля 2024
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 21-бабы, 3-тармағына сәйкес келесі ақпаратты орналастырады.
Хабарлама
19 апреля 2024
"ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ "ҚЫЗЫЛОРДА" МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ БАСҚАРМАСЫ " ФИЛИАЛЫ
Хабарлама
19 апреля 2024
Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан Арал-1 кен орнында құмды топырақты өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспарына "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ЭНЖ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚЖ іс-шаралар жоспары;

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары