«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты.
Сенбілік барысында көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулалар қоқыстан тазартылды.
Алдағы уақытта сенбілік жұмыстары жалғасын табады.
Аудан тұрғындарын тазалық шараларына атсалысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!