Cырдарияда көпқабатты қос тұрғын үй салынуда

Cырдарияда көпқабатты қос тұрғын үй салынуда

Биылғы жылы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде көпқабатты қос тұрғын үй бой көтеруде. 42 пәтерлі №1 және №2 тұрғын үйдің алғашқы кірпіші тамыз айының басында қаланып, бүгінде құрылыс қарқын алған.

Тұрғын үйлер құрылысының бас мердігері – «НұрТалап және К» ЖШС. Ал жобалаушы мердігер «Қызылорда ЖобаҚұрылыс» ЖШС болса, техникалық қадағалаушы «Қызылорда НұрСтрой Инженеринг» ЖШС көмегімен іске асырылуда. Тұрғын үйлер жобасына 466 млн 195 мың теңге қаржы бөлінген.

Құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде. Осы орайда, ауданда 116 адам жұмыспен қамтылып, оның 58-і жұмыспен қамту бөлімі арқылы алынуда. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 27 адам жұмыс істеп, кірпіш қалауға жұмылдырылған.