Аудан орталығында және елді мекендерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты.
Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.
Аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!