Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жүргізілді

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жүргізілді

Аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге білім беру ұйымдарының өкілдері атсалысты.
Іс-шара барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындары, саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтары тексерілді. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.