"Асанас" қалашығының айналасы тазартылды

"Асанас" қалашығының айналасы тазартылды

"Таза Қазақстан – таза аймақ" экологиялық акциясының "Киелі мекен" апталығында Айдарлы ауылында орналасқан "Асанас" қалашығының айналасы тазартылды. Елді мекен тұрғындары қалашық маңын қоқыстардан, қураған ағаштардан тазартты.
Жалпы, "Асанас" қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 шақырымда, Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылының оңтүстік-батысына қарай 8 шақырым жерде орналасқан.
Асанас атауы ортағасырлық Өзгент, Сығанақ, Жент, Баршынкент қалаларымен бірге кездеседі. Қала мықты мұнаралары бар қабырғалармен бекітіліп, сырты ормен қоршалған. Қорғаныс қабырғасының бүгінгі күнге сақталған биіктігі 5 м-ге жуық, ені іргетасымен есептегенде – 15 м.