Тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілуде

Тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілуде

Аудан орталығында «Тереңөзек тазалығы» мекемесімен санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Оның барысында көшелер қоқыстардан тазарып, аялдамалар сырланып, ағаштар әктелуде. Көшелерге су себіліп, тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Туған жердің көркейіп, гүлденуі әрбір тұрғынға тікелей байланысты. Тазалыққа тиянақтылық танытып, көркейту-көгалдандыруға жұмыла кірісіп, бәріміз ауданның көркеюіне үлес қосайық.