Мәдениет саласының ардагері 70 жаста

Мәдениет саласының ардагері 70 жаста

46 жыл мәдениет саласында қызмет атқарған, Семей полигоны зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлер ұйымының жетекшісі Шырынхан Садықов 70 жаста.
Осы орайда, аудан әкімі Берік Сәрменбаев мерейтой иесін қабылдап, ардагерге игі дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Кездесуде ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев мерейтой иесін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Шырынхан Садықұлы - еңбек жолын 1974 жылы аудандық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі болып бастаған. 1986-2016 жылдары Шаған, Қалжан ахун және А.Тоқмағанбетов ауылдық мәдениет мекемелерінде клуб меңгерушісі, Тереңөзек кенті мәдениет үйінің әдіскері қызметтерін атқарды.
Еңбек жолында бірнеше мәрте халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Үздік мәдениет қызметкері» және «Мәдениет майталманы» төсбелгілерімен, Семей полигоны зардаптарын жоюға қатысқан ардагер ретінде медальдармен марапатталды.