Құрметті медицина қызметкерлері

Құрметті медицина қызметкерлері

Құрметті медицина қызметкерлері,

Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.

Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі – өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал оның иесі болу – үлкен мәртебе.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығы үшін алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлеріне зор қолдау көрсетіп келеді.

Ауданның медицина қызметкерлері тұрғындардың саулығы жолында күндіз-түні тыным таппай жұмыс жасауда. Халық денсаулығы үшін жүйелі жұмыстар атқаруда. Мемлекет пен қоғам алдында дәрігерлердің еңбектері ұшан-теңіз. Сондықтан ауданның медицина қызметкерлеріне әркез құрметіміз ерекше.

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

«Тәні саудың – жаны сау» деген халқымызда дана сөз бар. Жарқын болашақтың кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз болып табылады.

Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,

Сырдария ауданының әкімі

Мұрат Ергешбаев