«Зерде» дәріханасы ашылды

«Зерде» дәріханасы ашылды

Бүгін Тереңөзек кенті орталығынан «Зерде» деп аталатын дәріхана ашылып, жергілікті тұрғындарды қолжетімді, яғни арзан әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірісті. Жаңа нысан кенттегі Аманкелді көшесінің бойында орналасқан.

Дәріхананың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев қатысып, дәріхана желісімен танысты.

Аудан әкімінің орынбасары дәріхана ішін аралап, ұжымның жұмысына сәттілік тіледі. Дәріханада ауданның 6 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.