Аудан әкімінің құттықтауы.

Аудан әкімінің құттықтауы.

Құрметті Отан қорғаушылар!
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!
Тарихымызға көз жүгіртсек, бабалар ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресе жүріп, әр сүйем жерін жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат еткен. Өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың өнегесіне айналған бабалар аманатына адал болу, тәуелсіз Қазақстанның бейбіт аспаны мен тыныштығын қорғау – әрбір азаматтың борышы.
Бүгінде заман талабына сай жаңарып, әскеріміздің күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді. Ұлттық әскеріміз тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетуде.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Ержүрек жандардың істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанымызға адал қызмет етеді деп сенемін. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілеймін!
Құрметпен,
Мұрат Ергешбаев
Сырдария ауданының әкімі