Яхия Тасыровқа автокөлік кілті табысталды

Яхия Тасыровқа автокөлік кілті табысталды

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев және аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, көптеген орден және медаль иегері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, абыз ақсақал Яхия Тасыровты 100 жас мерейтойымен құттықтап, Сыр халқы атынан автокөлік кілтін табыстады.Автокөлік демеушілік есебінен ұсынылды.
Ғасыр куәгері Яхия Тасыров береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын айтып, жастардың бейбіт күнде туған еліне адалдықпен, жанашырлықпен қарауы қажет екенін айтып, ақ батасын арнады.
Яхия Тасыров 1922 жылы Теренөзек ауданында дүниеге келді. Соғыс жылдары артиллерия әскери күштері құрамында Сталинград, Курск қалалары мен Беларусь, Польша, Германия елдерінде шайқасқа қатысқан.