Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді

Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев О.Әбілпаттаев атындағы №210 орта мектептің оқушысы Мадияр Маратұлының үйіне арнайы барды. Мадияр биыл ҚР Президентінің шыршасына қатысуға мүмкіндік алған балалардың бірі. Аудан басшысы көпбалалы отбасынан шыққан оқушыға ҚР Президентінің және облыс әкімінің жаңа жылдық құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келген аудан әкіміне Мадияр Маратұлының отбасы өз алғыстарын жеткізді.
Еске сала кетейік ағымдағы жылы Президент шыршасына аудан бойынша 8 оқушы онлайн қатысуда.