Елбасы – ел тірегі

Елбасы – ел тірегі

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне қарсаңында салтанатты шара өтті. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, аудан өнерпаздары арнайы дайындалған қойылымды сахналады. Мұнан соң аудан əкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, мереке қарсаңында сала мамандарын алғыс хатпен марапаттады.
– Елбасының интеллектуалдық күш – жігерінің арқасында «Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала», «Мәдени мұра» тәрізді ұлы ұғымдар қолданысқа енді. Ел егемендігін алған 30 жыл ішінде Тұңғыш Президенттің басқаруымен жүргізілген экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар елімізді жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосты.
Тәуелсіздік жылдары орасан зор табыстарға қол жеткіздік. Қай саланы алып қарасаңызда, мейлі ол білім мен ғылым, спорт, мәдениет пен өнер, құрылыс пен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп болсын бәрі де қарыштап дамып келеді. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданымызда және елді мекендерде бірқатар әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар қолға алынып, қарқынды жұмыстар жасалынуда,– деді аудан əкімі Мұрат Нәлхожаұлы өз сөзінде.
Айта кетейік шара барысында аудан әкімі жыл қорытындысы бойынша түрлі салада қызмет атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан «Жыл үздіктерін» анықтап, оларға арнайы алғыс хат табыстады. Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.