«Мағжан және К» серіктестігі жылды қорытындылады

«Мағжан және К» серіктестігі жылды қорытындылады

Батырлар ауылымен республика танылған Нағи Ілиясов елді мекені «Алтын дән – 2021» мерекесін атап өтті. «Мағжан және К» серіктестігіндегі дала диқандарын марапаттауға арналған шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев арнайы барып, егіншілерді молшылық мересімен құттықтады. «Мағжан және К» серіктестігі ағымдағы жылы 4 500 гектар алқапқа күріш дақылын орналастырып, оның әр гектарынан 67,4 центнер өнім алды. Ел қамбасына 303 000 мың центнер астық құйып, аудан бойынша озаттар қатарынан көрінді. Бүгінгі салтанатты жиында алажаз бойы тынымсыз тіршілік еткен дала диқандары шаруашылықтың бағалы сыйлықтарымен марапатталса, еңбек озаттарына 5 автокөліктің кілті табыс етілді.