Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері марапатталды.

Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері марапатталды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала қызметкерлерін және ардагерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Аудан әкімі Сырдария ауданының ауыл шаруашылығын дамыту жолында ауыл еңбеккерлері мен сала мамандарының сіңірген еңбектері зор екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Шара барысында аудан басшысы сала қызмектерлерін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен», облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының және аудан әкімінің «Алғыс» хаттарымен марапаттады.