Бүгін Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде «Технодом» электроника және тұрмыстық техника сататын дүкендер желісінің сауда орны ашылды.
Кәсіпкерлік нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімі М.Ергешбаев қатысып, сауда желісімен танысты.
Аудан басшысы электроника және тұрмыстық техника сататын дүкен ішін аралап, елімізге белгілі дүкен ұжымының жұмысына сәттілік тіледі. "Технодом" сауда орталығында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.