Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы құрметті зейнет демалысына шықты

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы құрметті зейнет демалысына шықты

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алимаш Мырзахметованы құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан Алимаш Залқызын мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Алғыс» хатын және Сырдария ауданы әкімінің «Құрмет грамотасын» табыстап, гүл шоғы, смарт теледидар және иығына қазақы үрдіспен қамзол кигізді.
Арнайы келген Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова ел, аудан дамуына қосқан үлесі мен іскерлігі жайында сөз тарқатып, облыс әкімдігінің алғысын хатын табыс етті. Сондай-ақ, бұл жиында әріптестері де қимас көңілден өрілген лебіздерін жеткізді.
Мұнан соң құттықтау сөз алған «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Жағыппар Аманжолұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Алпысбайұлы, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» Ұлмекен Жаналиева мен әріптестері ауданның ішкі саясат саласына еңбегі сіңіп, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырғанын айтып, ыстық лебіздерін білдірді.

Шара соңында Алимаш Залқызы аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.