Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін Сырдария ауданынан облыс орталығына ауылшаруашылық жәрмеңкесіне азық-түлік тауарлары әкелінді.
Биылғы 32 652 гектар алқапқа орналыстырылған ауылшаруашылығы дақылдарының өнімдерінен бүгінгі жәрмеңкеге 18 тонна ақталған күріш, 6 тоннадан астам картоп пен пияз, 5 тонна сәбіз, 19 тонна қауын-қарбыз бен 4 тонна бақша дақылдарын, 600 кг ет және 500 кг-дан астам балық өнімдерін ұсынылды. Аталған өнімдер базар бағасынан 10-15% төмен бағада сатылды.
Алдағы уақытта да аудан облыс орталығындағы жәрмеңкеге қатысатын болады.