Басты мақсат - сапалы жұмыс

Басты мақсат - сапалы жұмыс

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тиісті сала басшыларымен бірге Тереңөзек кентін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Қазіргі кезде Тереңөзек кентінің А.Иманов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарын Алтынбек Шоманов басқаратын " Қызылорда жолдары " ЖШС-ның құрылысшылары жүргізуде.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Қызылорда жолдары» ЖШС мердігер мекеме басшысына аталған көшеге аяқ су жолдары, жаяу жол, асфальттау жұмыстарын халық көңілінен шығу үшін сапалы жасалуымен және мерзімінен бұрын бітіруді тапсырды. Жүргізілген жұмысты тиісті сала басшыларына бақылауды жүктеді.
Кент тұрғыны Индира Қойшыбаеваның өтініш-тілегін мұқият тыңдаған аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы ұсыныс-тілегін назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Кенттегі электр бағаналары мен телефон желісі, тазалыққа қатысты айтылған мәселелерді жауапты мекеме басшыларына назарға алып, жұмыс жасауға тапсырды.