«Отбасы күніне» орай марапаттау іс-шарасы өтті

«Отбасы күніне» орай марапаттау іс-шарасы өтті

«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында Сырдария ауданында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаев, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы қатысты.
Салтанатты іс-шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы жиналғандарды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтады. Іс-шарада азаматтық хал актілерін тіркеу саласының ардагері Алтын Есболғанова ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен үшін Алғыс хатпен, естелік сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар Олжас Әмзеев пен Лаура Назарға неке куәліктері табыс етілді. Ал Аруназ Сағатбектің туу туралы куәлігі анасы Жанар Алиеваға берілді. Мерекелік қабылдауда тас жолға сурет салу байқауының жеңімпаздары «Бақ-Нұр бөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері Дидар Қанатұлы мен Айзере Асхатқызына да Алғыс хат пен сый-сияпат берілді.
Мерекелік қабылдау барысында аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы «Отбасы күні» қарсаңында карантин талаптарын сақтай отырып тамаша іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жұмыстарына жеміс тіледі. Өз кезегінде сала ардагері Алтын Есболғанова аудан әкімінің орынбасарына, әріптестеріне ризашылығын білдірді.