Кәсіпкерлерді ақпараттандыру!
Кәсіпкерлік мақсатта шаруа қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексінің» 43-1 – бабы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығы негізінде, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн табыстау, сонымен қатар жер учаскелерiне жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда) жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, сатуға арналған жер учаскесi: жер учаскесiнiң шекарасы айқындалғаннан, жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты анықталғаннан, сауда-саттық өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сауда-саттыққа шығарылады.
«Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурс өтетіні жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялайды.
Жоғарыда аталған жұмыстар бойынша «Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (тиісті уәкілетті орган, тел. 8(724)36-21-7-96; 21-0-56) байланыса отырып, толық ақпарат алуға болады.