Хабарландыру!

Хабарландыру!

Өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2021-2022 оқу жылдарына  Сырдария ауданына облыс әкімінің 5 оқу гранты бөлінді. Олар:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне – 2 грант:

  • орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда) – 1;
  • математика пәні мұғалімі (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда) – 1;

«Нұр Мүбарак» университетіне – 1 грант:

- дінтанушы – 1;

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне – 1:

- жалпы медицина – 1;

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне – 1 грант:

- жалпы медицина – 1.

 

Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» № 430 шешіміне сәйкес қажетті құжаттар тізбесін Тереңөзек кенті тұрғындары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне, ауылдық жердің тұрғындары ауылдық округ әкімі аппаратына өтінішпен жүгінеді:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат;

  • ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша сертификатының көшірмесі;
  • орта білімі туралы аттестат көшірмесі.

 Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттармен қоса өтінішті уәкілетті органға жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.

 

Ескерту: педагогикалық мамандықтарын таңдаған талапкерлер арнаулы емтихан тапсырғандығы туралы сертификатын қоса тапсыруы қажет.

Қосымша ақпаратты Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміндегі /872436/     21-5-72 байланыс телефоны арқылы алуға болады.