Вакцина салдыру – саулық кепілі

Вакцина салдыру – саулық кепілі

Қазір әлем елдері коронавирус індетімен күресіп жатқаны белгілі. Қара індет халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл кеселді жеңудің негізгі жолы - вакцина салдыру.
Тереңөзек кентінің тұрғыны, белсенді жас Аружан Бақбергенова жақындары мен туыстарын індеттен қорғау мақсатында вакцина салдырды.
- Бүгін коронавирустық инфекцияға қарсы Спутник - V вакцинасын алдым, вакцина алғанға дейін аудандық аурухана дәрігерлеріне қабылдандым, ешқандай қарсы көрсетілімдер табылған жоқ, вакцинаны алғаннан кейін 30 минут ішінде дәрігердің бақылауында болу міндетті шарт болып табылады екен. Бұл вакцина 2 сатылы болғандықтан, келесі вакцинаны да белгіленген мерзімде алуды жоспарлап отырмын. Айта кету керек, вакцина дерттің алдын-алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құрал болып табылады, сондықтан аудан жастарын вакцина алуға шақырамын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар. Вакцина салдыру – саулық кепілі,- деді белсенді жас Аружан Бақбергенова.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығы үшін вакцина қабылдауда белсенді болуға баршаңызды шақырамыз.