Сырдария ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1997 жылы Шаған агрофирмасында жұмысшы болып бастаған. 2006-2007 жылдары «Қызылордажер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник қызметкері, инженер, 2007-2008 жылдары «Қызылордажер 2» Жер-сәулет фирмасында жеке еңбек шарты негізінде «жер қатынастары және заңдастыру» бөлімінің бастығы, 2008-2012 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші, бас маманы, бастығы, 2012-2016 жылдары Қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бастығы, 2016-2017 жылдары «ГосГрадКадастр» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры, 2017-2018 жылдары Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2018 жылдың мамыр айынан бастап Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.