Ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны басталды

Ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны басталды
Бүгін барлық өңірлерде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқаны басталды.
Таңертеңгі сағат 7.00-де сайлау учаскелері ашылып, сайлау заңнамасына сәйкес жұмыс істей бастады. Заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Сырдария ауданына қарасты Іңкәрдария, Асқар Тоқмағамбетов және Нағи Ілиясов ауылдық округтеріне ауыл әкімдері сайланатын болады.
Алғаш рет өтіп жатқан тікелей сайлаудың аудан халқы үшін маңызы ерекше.
Сондықтан сайлау өтетін барлық ауылдық округ тұрғындарын сайлауға белсене қатысуға шақырамыз.