Аудан әкімінің орынбасары құрметті зейнет демалысына шықты

Аудан әкімінің орынбасары құрметті зейнет демалысына шықты

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Лекеровты әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан Бақытжан Зинадинұлын мерейлі 63 жасқа толуымен құттықтап, Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасын» және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Алғыс» хатын табыстап, иығына қазақы үрдіспен шапан жапты.
Мұнан соң құттықтау сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы, мәдениет саласының ардагері Алмагүл Сайранқызы мен әріптестері және достары ауданның ауылшаруашылығы саласына еңбегі сіңгенін айтып, ыстық лебіздерін білдірді.
Шара соңында Бақытжан Лекеров аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.