Ауданда сауда орталығы ашылды

Ауданда сауда орталығы ашылды

Бүгін Тереңөзек кентінде кәсіпкер Мадина Омарова «Серікбол» сауда орталығын ашып, өз кәсібін кеңейтті.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сауда орталығына арнайы барып, кәсіп иесіне шын көңілден ризашылығын білдірді.
"Жаңа нысан халық ықыласына бөленетін, ауданның дамуына үлес қосатын орынға айналсын, жұмыстарыңызға абырой мен табыс тілеймін",-деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.
Кәсіпкер қазіргі пандемия кезінде жиын-тойларға қойылған шектеулерге байланысты 2 қабатты тойхананы сауда орталығына өзгертті.
Аудан көлеміндегі ең ірі сауда орындарының бірі - «Серікбол» сауда орталығы болып отыр.