Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың 2021 жылғы 13 шілдедегі №134-Ө өкіміне сәйкес Әлшеров Досбол Қалмаханұлы Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Досбол Қалмаханұлы 1981 жылдың 13 тамызында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
2002 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық Заң Университетін Заңтану мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы ҚР ІІМ-нің Қызылорда қаласындағы училищесінде тыңдаушысы болған.
2004–2007 жылдарда Қызылорда ОІІД-і Сырдария АІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған.
2007 жылдың аяғына дейін Қызылорда ОІІД-і Сырдария АІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқарған.
2007–2009 жылдарда Қызылорда ОІІД-і Сырдария АІІБ-нің поселкелік полиция бөлімшесінің тергеу тобының тергеуші қызметін атқарған.
2011-2012 жылдарда Қызылорда ОІІД-і Сырдария АІІБ-нің анықтау тобының аға анықтаушысы қызметін атқарып, Қызылорда ОІІД-нің 12.10.2012 жылғы №158 бұйрығына сәйкес өз өтінішім негізінде жұмыстан босатылып, 2013 жылдың 20 желтоқсанында Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы қызметіне қабылданып, аудан әкімі аппарат басшысының 2015 жылғы 9 қазандағы №133 бұйрығына сәйкес осы бөлімнің инспектор лауазымына ауыстырылып, өз қызметін жалғастырды. Содан кейін, аудан әкімі аппарат басшысының 2016 жылдың 18 шілдедегі №86 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппаратының әдіскер лауазымына қайта тағайындалған.
2017 жылдың 19 қаңтарынан бастап аудан әкімінің №16-ө өкімімен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып тағайындалған.
2018 жылдың 27 ақпанынан осы уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымды қызметін атқарып келді.
Отбасылы. 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.