Арал ауданына көмек ретінде мал азығы жоңышқа жіберілді

Арал ауданына көмек ретінде мал азығы жоңышқа жіберілді

Арал ауданында қатты ыстық пен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына байланысты қуаңшылық жағдай орын алды. Қиын жағдайдан көптеген тұрғындар мал басын азайтып алып отыр.
Бүгін, осыған байланысты ауданға қарасты Ақжарма ауылдық округіндегі 15000 пресс жоңышқа жіберуге мүмкіндігі бар «Ақжарма и К» фермер қожалығы қазіргі таңда 5000 пресс жоңышқаны Арал ауданындағы тұрғындарға қолжетімді бағамен жіберді.
Мал азығынан тапшылық көріп отырған Арал ауданына бұдан әрі де қолжетімді бағада жоңышқа шөбінен жеткізуге мүмкіндіктер бар,-деді фермер қожалығының төрағасы Қ.Нұрсейітов.
Аталған мал азықтық жоңышқа шөбін ору, жинау жұмыстарына қожалық қызметкерлері, сондай-ақ 2 жатка, 3 шөп басатын техника және 5 жүк көліктері (тіркемелерімен) тартылды.