Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан ардагерлерімен кездесіп, серпінді ауданды басқару жұмысында қариялардың батасын алды. Ардагерлермен жүздесуде аудан басшысы ауданның даму перспективаларын атап, алдағы міндеттерді саралады.
– Сырдария ауданы – қасиетті өлке. Бұл ауданның өсіп-өркендеуі қарқынды екенін білемін. Сондықтан өркенді ауданды басқаруды зор жауапкершілікпен қабылдап, іргелі ауданды дамыту бағытында жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе отырып атқаратын боламыз. Бұл істе ардагерлер әркез қолдау білдіреді деген сенімдемін, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы, еңбек ардагерлері Алма Бақтиярова, Ұлмекен Жанәлиева, Шынтас Зетов және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Омаров аудан басшысының жұмысына сәттілік тіледі.