Ауданда ерікті түрде екпе салдырушылар арасында қарттар саны көбеюде.

Ауданда ерікті түрде екпе салдырушылар арасында қарттар саны көбеюде.

Бүгін Сырдария аудандық егу бекетінде 500ге таяу аудан тұрғындары коронавирусқа қарсы екпе алды, оның ішінде 83 жастағы Мақашұлы Біләл, 75 жастағы Сарыбаев Өтеген аталарымыз, 77 жасар Абишева Хадша, 74 жастағы Абсаттарова Күляш сынды аналарымыз, білім саласының ардагері Әбілқасым Сүлейменов, медицина саласының ардагерлері Шынтас Зетов, Тәжігүл Раманқұл, Күлнар Серімбетова екпе салдырды.
Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігерлер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы және 21 күннен кейін 2-ші компонент салынатындығы туралы түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, вакциналау жұмыстары үзіліссіз таңғы сағат 8.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін жүргізіледі.