Аудан әкімі жас спортшыларды қабылдады

Аудан әкімі жас спортшыларды қабылдады

Биылғы жылдың 17-18 сәуірінде Қарағанды қаласында күрестен Қазақстан чемпионаты өтті. Осы чемпионатта сырдариялық жас спортшылар Ұлту Асқар күрестің грэпплинг түрінен Қазақстан чемпионы атанса, Бибарыс Жұманияз қола жүлдені иеленді. Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлерін қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Аудан әкімі жас спортшыларды жаттықтырып жүрген бапкерлерге де ризашылығын білдіріп, жүлдегерлерге «Алғыс хат» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.
Кездесуде жас спортшылар спорттағы жетістіктерін айтып, бұдан да жоғарғы белестерді бағындыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Ал жастарды жарысқа дайындаған бапкер Бағлан Мығымбаев ауданда күрестің осы саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Айта кетейік, күрестің грэпплинг түрінен Ұлту Асқар 48 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Жаттықтырушысы – Нұрболат Нұрматаев. Ал күрестің осы түрінен Бибарыс Жұманияз 42 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды. Бапкері – Бағлан Мығымбаев.