Ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев Тереңөзек кентіндегі дәріханаларды, кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарын аралап, карантиндік талаптардың сақталуына мән берді. Аудан басшысы алдымен дәріханаларға барып, дәрі-дәрмек қорынының жеткілікті болуына көз жеткізді. Бүгінгі таңда ауданда 13 дәріхана қызмет көрсетуде. Оның ішінде, Тереңөзек кентінде 6 дәріхана бар. Аудан әкімдігі тарапынан қажетті дәрі-дәрмек қорына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Сонымен қатар, аудан әкімі сауда орындары мен аудан орталығындағы коммуналдық базарға барып, көпшілік жерде карантиндік талаптарды сақтау керектігін ескертті.