Мейірім мерекесі

Мейірім мерекесі

Алғыс айту күніне орай аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев аудандағы өзге ұлт өкілдерімен кездесіп, мерекемен құттықтады.
Аудан әкімінің орынбасары атаулы күннің мән-маңызына тоқталып, бұл күннің мейірім мерекесі екенін атап айты. Алғыс айту – Қазақстанның көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні екенін де жеткізді. Мерекелік лебізін білдіріп, аудандағы тұрақтылық пен татулықтың сақталуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдерін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Өз кезегінде этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде дархан пейіл танытып, қамқорлық көрсеткен қазақ халқына алғыстары зор екенін жеткізді. Өзара құрмет пен сенімнің, ізгіліктің мерекесінде әркез халқымызға ризашылықтарын білдіретіндерін айтты.