Індеттің алдын алу шаралары жүргізілуде

Індеттің алдын алу шаралары жүргізілуде

2021 жылдың 23 ақпаны күні аудандық мобильді топ мүшелері аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Т.Нұрмағанбетов, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғ.Оралов және аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Е.Сисеновпен бірге кент және Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы сауда орындарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы «Жанат» сауда дүкені, « Нұр» сауда дүкені, Тереңөзек кенті орталығындағы «Дәулет» сауда дүкені, «Тамшы бұлақ» сауда дүкені, «Жалғас» сауда дүкені кент орталығында орналасқан киім кешек сауда дүкендерін аралап, дүкен иелеріне санитарлық талаптарды сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақыттарда да түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.