Аудан әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Аудан әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы Талғат Дүйсебаев қоғамдық қабылдау өткізді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үй, жұмыспен қамту және кәсібін дөңгелетуге қатысты өтініштерін білдірді. Әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдаған аудан басшысы тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берді.