Ғасыр жасаған анаға жеке куәлік рәсімделді

Ғасыр жасаған анаға жеке куәлік рәсімделді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Сырдария аудандық бөлім маманы А.Аманов пен Сырдария аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының аға инспекторы полиция майоры Т.Б.Садыбеков бүгін, Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылына барып, 102 жастан асқан әжеміз Ақжанова Рахияның жеке куәлікке құжаттарын рәсімдеді. Осылайша бір ғасыр жасаған әжейге жеке куәлігін әперу үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп, көмек қолын созды. 20 күннен кейін әжейдің жеке куәлігі дайын болып, дайын құжатты ақжаулықты ананың шаңырағына барып, арнайы табыстайтын боламыз. Өз кезегінде Сырдариялық 102 жастағы ана құжаттарын жасап берген полицейлерге алғысын айтып, батасын берді.