«Жетістікке жету өз қолыңда!"

«Жетістікке жету өз қолыңда!"

Бүгінгі кездесуге қатысушы Ақерке Кенжебекованың жастарға арнаған сөзі "ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!" болды!

Ақерке - №210 орта мектептің түлегі, Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері». ҚР бірнеше дүркін чемпионы, 2016 жылы Азия чемпионатында күміс медаль иегері, 2017 жылы Астана қаласында өткен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлде иемденіп, Тоғызқұмалақтан еліміздегі ең жас «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағының иегері, Монғолияның Баян-Өлгей қаласында өткен Азия біріншілігінің чемпионы, ҚР Ұлттық құрама мүшесі.

Жастайынан спортты серік еткен жас тоғызқұмалақ спортын таңдаған. Қазіргі таңда, спортты серік етіп, мамандығымен үйлестіруде.

Өз кезегінде, Ақерке жаттықтырушысы "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" "Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы " Хакімжан Елеусіновке алғысын білдірді.