Сырдария аудандық мәслихатының VII шақырылымының I сессиясы өтті

Сырдария аудандық мәслихатының VII шақырылымының I сессиясы өтті

Бүгін VII шақырылған аудандық мәслихаттың І сессия өтіп, оған аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қатысты. Сессияның күн тәртібінде 9 мәселе қаралды.

Сессияның күн тәртібі VIІ шақырылған аудандық мәслихаттың І сессияның төрағасын және аудандық мәслихаттың хатшысын сайлау, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, құрамын және төрағаларын сайлау, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу мен кезекті сессияның төрағасын сайлау мәселелерін қамтыды.

Өткен шақырымда сайланған депутаттардың жүйелі жұмысының нәтижесінде соңғы 5 жыл ішінде ауданға 209 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, нақтыланған бюджет жоспары 2 есеге көбейді. Соңғы 5 жылда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 40 пайызға ұлғайды.

Аудан көлемінде 15 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталған. 2 дәрігерлік амбулатория, 1 спорттық-сауықтыру кешені, 2 балабақша және 1 әкімшілік ғимараты пайдалануға берілсе, елді мекендерде 8 ойын алаңы салынып, Шіркейлі ауылында әуез мектебі ашылды.

Соңғы жылдары жеке тұрғын үй секторында 329 жер учаскелері инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар ауданда тұрғын үй салу қарқынды жүргізіліп, кезекте тұрған сырдариялықтар баспанамен қамтылуда. Бүгінгі таңда 4 көппәтерлі тұрғын үй, яғни 84 пәтер пайдалануға берілсе, Тереңөзек кентіне қарасты О.Мәлібаев елді мекенінде 20 тұрғын үй құрылысы салынды. Осының нәтижесінде, тұрғын үй кезегі бойынша халықты арендалық үймен қамтамасыз етуде Сырдария ауданы аймақта алдыңғы қатарда.

Соңғы бесжылдықта аудан толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. 53 жергілікті маңыздағы және ішкі жолдар жөндеуден өтіп, 3 көпір салынды. Бүгінде аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көрсеткіші 92 пайызды құрайды. Ал ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім осы жылдар ішінде екі есеге ұлғайып отыр.

Қол жеткізген қомақты табыстардың бірі – 2019 жылы Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысы басталып, бүгінде толық аяқталуы. Енді таяу арада кент тұрғындары табиғи газдың игілігін көрмек.

Басқа салаларда да соңғы бесжылдықта дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарылған осындай нәтижелі жұмыстар аудан дамуын бәсеңдеткен жоқ. Осындай нәтижелі жұмыстарды атап өткен аудан басшысы VI шақырылымдағы депутаттарға зор ризашылын білдіріп, Оразбек Сейтмұратов, Бердібек Қадыров, Сламбек Қаюпов, Жаннат Нәлібаева, Ержан Жақыповты аудандағы ең жоғарғы марапат «Құрмет грамотасымен» марапаттады.