Сырдариялық ұстаздар арнайы төсбелгімен және бірреттік сыйақымен марапатталды

Сырдариялық ұстаздар арнайы төсбелгімен және бірреттік сыйақымен марапатталды

Бүгін Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Мәртебелі ұстаз – ел мерейі» атты облыстың табысты ұстаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Шәкіртіне білім мен тәрбие беруде еңбегімен айрықша көзге түсіп, аймақтың білім саласының дамуына ерекше үлес қосқан ұстаздар марапатталды.
Салтанатты шарада конкурстық комиссия шешімі негізінде лайықты 12 ұстаз «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды. Олардың қатарында Сырдария ауданынан №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ерболат Садықов бар.
Сондай-ақ, шарада тұңғыш рет аймақ басшысының атынан 10 ұстаз 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі, яғни 833 мың теңгені құрайтын бірретік сыйақыны алды. Қаржылай сыйақыға Сырдария ауданынан №137 орта мектеп мұғалімі Ербол Сайлауұлы ие болды.