Тереңөзек кентінде жолдар күрделі жөндеуден өткізілуде

Тереңөзек кентінде жолдар күрделі жөндеуден өткізілуде

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшелердің жұмысымен танысты.
Биыл осы бағытқа бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, «РиА Сервис ЛТД» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда аталған қаржы есебінен кент аумағындағы 9 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын және белгіленген мерзімнің сақталуын тапсырды.
Аудан басшысы кент көшелерінің жай-күйін жақсарту тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі екенін айтып, жұмыстарды сапалы әрі жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті және тиісті тапсырмаларды жүктеді