
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан аумағындағы сайлау учаскелерін аралап, сайлау науқанының дайындық жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы әрбір учаскенің материалдық-техникалық базасын, дауыс беру процесін ұйымдастыру деңгейін және сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Қазіргі таңда ауданда 18 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлық учаскелерде сайлауды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өткізуге қажетті ұйымдастыру шаралары толық қамтамасыз етілген. Дауыс беру кабиналары, сайлау жәшіктері, ақпараттық стендтер мен қажетті құрал-жабдықтар талапқа сай орналастырылып, учаскелердің санитарлық жағдайы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, электр энергиясы және байланыс жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі назарға алынған.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын толық әрі кедергісіз жүзеге асыруына ерекше көңіл бөлінген. Барлық сайлау учаскелерінде пандустар, ыңғайлы кіреберістер, арнайы жабдықталған дауыс беру кабиналары, көру қабілеті төмен азаматтарға арналған арнайы құралдар қарастырылған.
Аудан әкімі аралау барысында жауапты тұлғаларға сайлау учаскелерінің толық дайын болуын қамтамасыз етуді, сайлау күні ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде өтуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.