Жаңа мешіт ашылды

Жаңа мешіт ашылды

Бүгін ауданға қарасты Шаған ауылында жаңа мешіт ашылды. Карантиндік талаптар сақталған мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қатысты.

Ауданға арнайы сапармен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңадан бой көтерген Алла үйі адамдардың рухани кемелденуіне жол ашатын ғибадат ордасы екенін айтты.

Мешіттің салтанатты ашылуында аудан әкімі Талғат Дүйсебаев құттықтау сөз сөйлеп, имандылық ордасы ел бірлігін сақтаудың ұйытқысы екенін жеткізді.

Сөз кезегінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұхқарнай Тасбергенов пен ауылдық қоғамдық кеңес мүшесі, демеуші Бердіқұл Қадыров жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.