Республикалық өнер байқауын бағындырды

Республикалық өнер байқауын бағындырды

2020 жылдың 15 қарашасы күні Шымкент қаласындағы «Түркістан» мәдениет сарайында «BALA STAR» балалар мен жасөспірімдер арасындағы V Республикалық конкурс-фестивалі өтті.
Аталған өнер сайысында 38 жасөспірім әнші бақ сынап, нәтижесінде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы, жас өнерпаз Берлібек Диас Айдосұлы өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынға қол жеткізді.
Өнерпаз өзінің дарынды әнші екенін, жігерлілігін көрсетіп биік белесті бағындырды.