"Домбыра – ұлттың мәңгілік дауысы"атты мерекелік іс-шара өтті

"Домбыра – ұлттың мәңгілік дауысы"атты мерекелік іс-шара өтті

"Руханият"  орталығында аудан әкімі  Берік Сарменбаевтың қатысуымен  "Домбыра ұлттың мәңгілік дауысы"атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Нұрмат Мансұр, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара аясында ұлттық қолөнердің арнайы көрмесі ұйымдастырылды, онда жергілікті қолөнершілердің жұмыстары көпшіліктің назарына ұсынылды. Аудан басшысы жиналғандарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыра Қазақ халқының рухани келбетін айқындайтын және ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін қасиетті құрал екенін атап өтті. Домбыра-біздің халқымыздың жаны, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра. Екі ішектен құйылған күй-бұл ел тарихының шежіресі, халықтың қуанышы мен қайғысы, батылдығы мен ұлылығы. Ата-бабаларымыз айтқандай:"нағыз қазақ бұл қазақтың өзі емес, Нағыз қазақ — домбыра". Бұл мереке тек өнер мерекесі ғана емес, бұл ұлттық сананы жаңғыртатын, халық рухын көтеретін және жас ұрпаққа патриотизмді тәрбиелейтін маңызды рухани күн. Мемлекет басшысы халқымыздың мызғымас құндылықтарына, оның бай тарихы мен мәдени мұрасына сүйену қажеттігін ерекше атап өтті. Домбыра-ұлтымыздың рухани коды, ұрпақтар сабақтастығын байланыстыратын қасиетті қазына, - деді Берік Әбдіғаппарұлы. Іс-шара барысында ұлттық өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосатын бірқатар азаматтар мен жас домбырашыларға аудан әкімінің "Алғыс хаттары" табыс етілді. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Нұрмат Мансұр құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Ол домбыра Қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын қасиетті құрал екенін атап өтіп, туған өнерді дәріптеу ортақ парыз екенін атап өтті. Іс-шара барысында ол ұлттық өнерге үлкен қызығушылық танытқан жас музыкантқа домбыра сыйлап, шығармашылық жолында табыс тіледі. Мерекелік іс-шара көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлаған күйлер мен ұлттық өнерді дәріптейтін концерттік бағдарламамен жалғасты.