Бесарық ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Бесарық ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Мұрат Еркешбаев Бесарық ауылында орналасқан 12 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметімен танысты.Спорт кешенінде дзюдо, бокс және таэквондо секциялары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұнда 180 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Мекемеде 18 қызметкер жұмыс істейді. Содан кейін өңір басшысы ауылдың орталық алаңында тұрғындармен кездесіп, шағын өндірістік орталық пен ауылдық мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, Бесарық ауылын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Бесарық ауылында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған "ауыл аманаты" бағдарламасы табысты іске асырылуда. "Абай-Дәулет" ЖШС демеушілігімен ауылда картоп өндіретін зауыт жұмыс істейді. Сонымен қатар, наубайхана, кондитерлік цех, жартылай фабрикаттар шығаратын цех, сондай-ақ жұмыс қолғаптары, пластикалық ыдыс-аяқ, сабын және ағаштан жасалған бұйымдар шығаратын кәсіпорындар ашылды. "Қызылорда" супермаркеті мен кафе тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы ауылда жалпы ауданы 1 мың шаршы метр шағын өндірістік орталық пайдалануға берілді, бұл 13 кәсіпкерге өз ісін бастауға мүмкіндік берді. Оның ішінде төрт жоба "ауыл аманаты" бағдарламасы аясында, бесеуі "Өңірлік инвестициялық орталықтың" қолдауымен, тағы төртеуі шаруашылықтың өз қаражаты есебінен іске асырылды. Нәтижесінде 25 жаңа жұмыс орны құрылып, тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 960 млн теңгені құрады. Бүгінде кәсіпкерлер шағын өндірістік орталық базасында өз өнімдерін шығарады. Айта кету керек, 2018 жылдан бастап "Абай-Дәулет" ЖШС ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл қаражат 360 орындық мектепті, 120 орындық балабақшаны, дәрігерлік амбулаторияны және мәдениет үйін қоса алғанда, әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге, абаттандыруға және көгалдандыруға жұмсалды.