Қызылорда облысы бойынша тергеп тексеру департаментінің өкілдері «заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан тұрғындарымен кездесті

Қызылорда облысы бойынша тергеп тексеру департаментінің өкілдері «заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан тұрғындарымен кездесті

«Руханият» орталығында Қызылорда облысы бойынша тергеп тексеру департаментінің бастамасымен Алаяқтардан зардап шегу қаупі жоғары осал топтар үшін, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан тұрғындарымен ашық диалог форматында кездесу өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесудің мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын нығайту, қаржылық алаяқтықтан қорғану дағдыларын қалыптастыру, заңға бағыну мәдениетін және экономикалық жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Кездесу барысында Департамент өкілдері тұрғындарға кең таралған алаяқтық тәсілдері, олардың құрбаны болмаудың жолдары, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін қорғау, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, онда алаяқтардың әрекет ету тәсілдері мен олардан қорғанудың тиімді жолдары көрнекі түрде таныстырылды.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ерділдаұлы - «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында алаяқтықтың алдын алу және сақтану бағытында құқықтық кеңестер, заңнама талаптарына көптеген түсіндірмелер беріп, құқықтық көмек көрсету мақсатында ауданға арнайы келген Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Тұрлыбекқызына тұрғындар атынан шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс, еңбектеріне абырой тіледі!