Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ауданымыздың көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы өзіміздің ұқыптылығымыз бен жанашырлығымызға байланысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатты қорғауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Баршаңызды аудан көлемінде өткізілетін тазалық және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз. Әркім өз ауласын, көшесін таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлық танытса, ауданымыздың экологиялық ахуалы жақсарып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасады.
Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ іс. Бірлесе еңбек етіп, ауданымызды таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналдырайық